Атырау, 17 желтоқсан 15:19
 бұлттыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Грузияға АҚШ-тан әскерилер барды

1 574 рет қаралды


Грузияда АҚШ әскерилерімен бірлескен Нобл парт-нэр 2018 оқу-жаттығуы өтеді. Осыған орай елге американ әскерилері келді. Жалпы Грузия бұл бірлескен жаттығуды осымен 4-рет өткізіп отыр.

Биыл оған 1300 грузин сарбазы мен 1 мың америкалық жауынгер және Украина, Франция, Түркия, Армениядан 500-дей әскери қатысады. Шара тамыздың 15-іне дейін созылады. 

Айта кетейік, Грузия НАТО-ға мүше болуға талпынып келеді. Бұл қадамды АҚШ қолдағанымен Ресей оған үзілді-кесілді қарсы. 

Кэтхэн Гатмен, АҚШ әскери қызметкері:

- Бұл әскери оқу-жаттығу грузин әріптестерімізбен кәсіптік біліктілігімзді дамытып, ынтымақтастығымызды нығайтуға көмектесетін үлкен мүмкіндік. Екі жақтың да бір-бірінен үйренері көп. Сондықтан бұл шараға қатысатыныма қуаныштымын.

Дереккөз: 24.kz

30 шілде 2018, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.