Атырау, 26 сәуір 23:48
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Полицейдің сөзі

Сурет
2 782 просмотра


Атақты мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен көлік ұрыларының қолынан қаза тапқаннан кейін құқық қорғау органдары, атап айтқанда, Алматы мен Шымкент қалаларындағы автобазарларға рейдтер жүргізе бастады. «AЖ» тілшісі Атыраудағы автоқосалқы бөлшектер сататын «Мерей» базарына бет алды. Жергілікті сатушылардың айтуынша, олар қолданылған қосалқы бөлшектерді сатпайды әрі азаматтардан қабылдамайды екен. Бірақ іс жүзінде әртүрлі болып шықты.


- Жарты бағасына екі айна беремін, - дедім сатушылардың біріне жақындағанда қулана. – Ұрлаған жоқпын, 5 мың теңгеге беремін. Аласың ба?

- Жоқ, бауырым, алмаймыз. Біз тек жаңасын сатамыз.

Басқасынан, керісінше, «Лада Приораның» ұсталған айнасы жоқ па дер сұрадым.

- Егер қазір тапсырыс берсең, ертең таңертең алып кетесің.

- Оны қайдан аласың?

- Һм, саған бәрібір емес пе? Айна керек пе, жоқ па?


Сатушылардың айтуынша, келіп, қосалқы бөлшектер сатып алатын полицейлер болады екен, бірақ бұл жерде әзірге рейдтер жүргізілмеген. Ал сол кезде техникалық қызмет көрсететін станция жанында тұрған қызметтік «Нива» полицей автокөлігін байқадым, жанында аккумулятор жатыр. Заң бойынша полицейлердің өздерінің ведомстволық автокөлік жөндеу қызметі болуы тиіс сияқты еді?

Менің сұрағыма ІІД былай деп жауап берді:

- Тендер қорытындысы бойынша жүйелі түрде қызмет көрсету станциясы анықталып, біздің барлық қызметтік көліктер жөндеуден өткізіліп тұрады. Сіз көрсеткен мемлекеттік нөмірі бар қызметтік «Ниваға» келер болсақ, ол Қалалық ішкі істер басқармасының табиғат қорғау полициясы бөліміне тиесілі. Полицейдің өз жеке автокөлігі бұзылып, ол «Мерейге» оның аккумуляторын жөндетуге келген.

Жарайды, бұл сөзге сенейік... Ал ІІД-де айтылғандай, «Мерейде» міндетті түрде рейд жүргізіледі.

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор

28 шілде 2018, 18:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.