Атырау, 30 қараша 02:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Роналду екі жылға сотталуы мүмкін

1 946 просмотра


"Ювентус" футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналдуға 3,2 миллион евро айыппұл салынып, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін, ол салық төлеуден жалтарған. Бұл туралы Reuters агенттігі Испания прокуратурасына сілтеме жасап хабарлады. 

Алайда, ойыншының испаниялық заңнамамен түрмеге түсуі екіталай - оның жазасы екі жыл сынақ мерзіміне ауыстырылуы мүмкін деген болжам бар. Айыппұлдан бөлек, футболшы салық органдарына 5,7 миллион евро көлемінде қаржы төлеуі тиіс. 

Сонымен қатар, ол пайыздар үшін миллион евро және екі жыл мерзімнің әр күні үшін 250 евродан төлеуі керек. Бұл іс бойынша Роналдудың төлеуі тиіс жалпы сомасы шамамен 19 миллион евро. 

Өткен жылы шілдеде болған сот отырысында футболшы ешқашан еш нәрсені жасырмағанын және салық төлеуден жалтармағанын мәлімдеді. Ол жақында "Реал" клубынан "Ювентус" клубына ауысқан болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

28 шілде 2018, 12:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.