Пәкістанда «Әділдік үшін қозғалыс» партиясының көшбасшысы және бұрынғы крикет ойыншысы Имран Хан ел Парламентінің төменгі палатасына сайлауда жеңіске жетті.
Саяси доданың алдын ала қорытындысын атап өту мақсатында оның жақтастары Исламабад көшелеріне шыққан. Сайлау комиссиясының дерегі бойынша, Ханның партиясына халықтың басым бөлігі дауыс берген.
Екінші орында пәкістандық мұсылман лигасы – Наваза фракциясы. Ал үшінші Пәкістандық халық партиясы. Әзірге дауыс берудің ресми қорытындысы жарияланған жоқ.
Ал Имран Ханның қарсыластары сайлау кезінде заң бұзушылық болды дейді. Естеріңізге сала кетейік, дауыс беру 25 шілдеде өтті. Дауысты санау жүйесіндегі техникалық ақауға байланысты ресми қорытынды кейін жарияланады.
Дереккөз: 24.kz