Ресей депутаты мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік марапат беру қажет деп есептейді. Ресейдегі мемлекеттік думаның депутаты Владимир Жириновский "Еңбегі сіңген шенеунік" атағын енгізуді ұсынды. Ол президент Владимир Путинге осындай мазмұндағы өтініш жіберген, деп хабарлайды РИА Новости.
Жириновскийдің айтуынша, бұған дейін президент "Ресейдің еңбек сіңірген журналисі" және "Ресейдің байланыс пен ақпараттың еңбек сіңірген қызметкері" атақтарын бекіткен. Депутат қазіргі уақытта муниципалдық және мемлекеттік қызметшінің мәртебесі мемлекеттік марапаттар жүйесінде айқындалмағанын атап өтеді. Осылайша шенеуніктерге мемлекеттік құрметті атақтар берілмей, олар ынталандырылмайды.
Жириновскийдің пікірінше, мемлекеттік аппаратта құрметті марапатқа лайық қызметкерлер жеткілікті.
Дереккөз: sputniknews.kz