Атырау, 11 қазан 07:35
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Инвестицияның тарифке қатысы жоқ

3 213 просмотра

Өткен аптада «Атырау ЖЭО» АҚ басшылығы 3,3 млрд көлеміндегі елдің ақшасына жүзеге асырылған кәсіпорынның 2011 жылғы инвестициялық бағдарламасы нәтижелерін жария етті.

«АЖЭО» АҚ президенті Мұхамбетқали ҚАЛИЕВТЫҢ (суретте) айтуынша, аталған қаражатқа 13-ші қазан агрегаты іске қосылған. №1 қазанға жөндеу жүргізіліпті, 1963 жылы жылу электр орталығының тарихы осы жабдықтан бастау алған болатын. Әрбіреуі 12 мегаватт болатын екі турбина қалпына келтіріліп, тұрбалар, кабельдер және электр жабдықтары ауыстырылған. Сағатына 100 тоннаға дейін тұзсызданған су шығаратын цехтың қуаттылығы көбейтіліпті. Мәселе мынада, қазандар мөлшерінің көбеюі-мен қатар тұрбаларда қақ түзбейтін суға деген сұраныс та өскен. Бұдан басқа, қысқы уақытта жылу тарату шығыны жоғары болады, өйткені тұрғын үйлердің жертөлелерінде тесіл-ген жылу тұрбаларынан ыстық су кету көлемі бұрынғыша көп.

Бас жылу қызметкері ризалық сезімін жасыра алмады:

– 2009 жылы ЖЭО жабдықтарының тозу деңгейі 49,7 пайыз болды. Өткен жылғы қайта жарақтаудан кейін бұл коэффициент 25 пайызға дейін төмендеді. Енді біз облыстың жыл сайынғы электр энергиясына артқан сұранысын қанағаттандырамыз. Алдағы уақытқа артық қорымыз бар.

Бүгінгі күні электр стансасының қуаттылығы 314 мегаватт. 2009 жылы станса қуаттылығы 100 мегаватқа кем еді. 4-кезектегі ЖЭО дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. 3 млрд теңгеге жабдықтар жаңартылып, №11 және 12 жаңа турбиналарға іргетастар салынатын болады.

– «Инвестицияға алмастыру тарифі» бағдарламасы 2015 жылдың аяғына дейін жалғасады. Яғни, облыс тұрғындарының ЖЭО жеткізетін электр және жылу энергиясы үшін төлемдері арқылы жаңғырту жұмыстарын төлегендері, - деп мәлімдеді М. Қалиев. – Қазір біз 2013-2015 жылдардың инвестициялық бағдарламасын табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментіне бекітуге дайындап жатырмыз. 2009 жылғы үкімет қаулысына сәйкес ЖЭО жеткізетін электр энергиясының тарифі жыл бойынша бөлініп жазылған. Мәселен, 2012 жылы ол бір киловатт/сағат үшін 6,3 теңге мөлшерінде бекітілді. Рас, ол үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап бір тоқсанға кешігіп енгізілді. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол 6,7 теңге құрайтын болады.

Журналистерді алғаш рет облыстағы №1 энергетикалық нысан дәліздерімен жүргізді. Стансаларға қаражат бөлу керектігі туралы Қалиевтың сөзінің дәлелі ретінде лампалармен және транзисторлармен жұмыс істейтін және мониторда емес, қағазда ағымдағы ақпаратты көрсететін тозығы жеткен өлшеу аспаптары жұмыс істеп тұрған қазандар мен турбиналарды басқаратын орталық тетік көрсетілді.

Жұмыс жасап тұрған қазандар мен турбиналарды да көрдік. Турбина қалақтары 1 040 градусқа дейін қыздырылған буды ығыстырады екен. Осы жердегі электрден алынған кернеуді 6-дан 110 киловольтқа дейін көбейтіп, тұтынушыларға сымдар арқылы жіберіледі.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

11 шілде 2012, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.