Атырау, 17 желтоқсан 15:21
 бұлттыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Грекияда су тасқыны салдарынан жолдар жабылып жатыр

1 709 рет қаралды


Грекия астанасы Афинада толассыз жауған жауын соңы су тасқынына ұласты. Ауа райының қолайсыздығынан көліктер бір-бірімен соқтығысып, су астында қалды. 

Рейтер агенттігінің мәліметінше, қаланың солтүстігінде орналасқан аудандардың барлығы қатты зардап шеккен. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, құқық қорғаушылар Кисифье және Неа-Эритрея жолдарын жауып тастады. Апат болған жерлерде іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. 

Айта кету керек, осыған дейін Грекияда орман өрті болып, 80-нен аса адам қаза тапты. 

Дереккөз: 24.kz

27 шілде 2018, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.