Facebook акциялары құнының күрт төмендеуі туралы сарапшылардың жағымсыз болжамдары берілетін тоқсандық есеп жарияланған соң осы әлеуметтік желінің негізін қалаушы Марк Цукерберг 17 миллиард долларынан айырылды. Ал компания 130 млрд доллар жоғалтқан, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Bloomberg-ке сілтеме жасап.
Агенттіктің хабарлауынша, бұл тарихтағы әлеуметтік желі акцияларының ең үлкен күрт төмендеуі болып отыр. Цукерберг осы жағдайдан соң әлемнің ең бай адамдары тізіміндегі үшінші орынынан айырылып қалуы мүмкін.
Есепте Facebook-тың тоқсандық түсімі шамамен 13 млрд долларды құраған, ал бұл жоспарлаған көрсеткіштен төмен болып шыққан. Әлеуметтік желіге күн сайын кіретін қолданушылар саны 1,49 миллиардқа жетеді деп күтілгенімен 1,47 миллиард адамға артқан.
Акциялардың 24 процентке төмендеуі табыстың артуы көрсеткішіне жағымсыз әсер еткен. Марк Цукерберг Bloomberg нұсқасы бойынша шілде басында әлемнің ең бай адамдары тізімінде үшінші орында тұрды. Оның байлығы 81,6 миллиард долларға бағаланды. Ал 25 шілде күні жаңартылған рейтингте оның табысы 86,6 миллард табысты құрады.
Дереккөз: Baq.kz