25 шілдеде облыстық әкімдікте Атырау облысының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында Атырау және Құлсары қалаларында заңсыз, салық төлемей пәтерлерді жалға беру мәселесі қаралды. Біздің екі өңірдегі жезөкшелік те мұнымен жанама байланысты болып шықты.
Қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат ӨТЕШОВ салық органдарына жалға берушілердің аз ғана бөлігі ғана тіркелгендігіне сенімді.
- Көп жағдайларда заңсыз жалдайтын пәтерлерге Шымкенттен, Қарағандыдан, Тараздан, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан келген қыздар қоныстанып, белгілі бір жолмен «табыс табады», - деді Өтешов.
Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ:
- Жыл басынан бері құқық қорғау органдарының рейдтік шаралары нәтижесінде пәтерлерді жалға беріп, салық төлемеген 92 жеке тұлға анықталды.
Бірақ бұл жерде қиындықтар бар. ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес, жалға беруші, егер оның жылдық табысы 339 408 теңгеден аспаса, жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті емес. Оның бұл сомадан көп табыс тапқанын қалай дәлелдеуге болады? Сондықтан әкімшілік соттар олар жіберген материалдарды қабылдамау туралы шешімдерді жиі шығарады.
Атырау облыстық жергілікті полиция басқармасы бастығының м.а. Мұрат ДЕМЕГЕНОВ:
- Соңғы екі жылда ішкі істер органдары пәтерлерді жалдау бойынша 700-ден астам құқық бұзушылықты анықтады. Жалға берілетін пәтерлерде 10 қылмыс жасалды, олардың 9-ы Атырауда. Уақытша тұрған жеріндегі тіркеу ережелерін бұзғаны үшін 1000-нан астам шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қорытындылай келе, облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ өзінің бірінші орынбасары Серік ШАПКЕНОВКЕ кездесуде айтылған мәселелерді шешу үшін жұмыс тобын құруға тапсырма берді.
Фархат ӘБІЛОВ
Суретті түсірген автор