
"АЖ"-ға белгілі болғандай, кеше, 26 шілдеде, сағат 17.00 шамасында Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында топ жігіттер арасында төбелес болып, бір адам қаза болды.
Аудандық аурухананың бас дәрігері Самат ТАЙШЫБАЙДЫҢ айтуынша, 1991 жылы туған жігіт үшкір затпен (пышақ болуы мүмкін) кеудесінен ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болған. Сол күні пышақтан жеңіл жарақат алған тағы бір жігіт ауруханаға қаралған.
Әзірге облыстық ІІД баспасөз қызметі ресми ақпарат берген жоқ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау +3