Түрік президенті Режеп Тайып Ердоған соңғы мәлімдемелерінің бірінде, барша әлемді Израильге қарсы аттанысқа келуге шақырды.
Түркия басшысының өзінің Әділет және даму партиясының жиналысында жасаған бұл мәлімдемесі 19 шілде күні Израильде қабылданған даулы заң жобасына қаратылған.
Бұл туралы сол елдің «Анадолы» ақпараттық сайты хабарлады.
Ердоған сөзінде: «Біз осы аймағымыз шеккен зардапты жүрегімізбен сезінуіміз керек. Осы өңірде ең көп зардап шегіп, әділетсіздікке ұшыраған жер Палестина екенін шүбәсіз. Оның жанында ешкімнің құқығына құрмет етпейтін бір мемлекет бар», – деді.
Түркия президенті Израильді өз құқығын қорғағысы келген палестиналықтарға қарсы оқ атқаны үшін айыптады және Израиль үкіметінің әділетсіздігіне қарсы бүкіл әлемді аттанысқа келуге шақырды.
Дереккөз: “The Qazaq Times”