Атырау, 30 қараша 05:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Қырғызстанда жол жөндеушілер ереуілге шықты

1 519 просмотра


Баткен облысында 25 шілдеде 40-қа жуық жол жөндеуші ереуілге шықты. Бұл жөнінде акцияға қатысушылардың бірі Алыбек Пазылов хабарлады. 

Оның сөзінше, ереуілге шыққандар бірнеше айдан бері ала алмай жүрген айлықтарын талап еткен. 

“Төрт айдан бері еңбекақы бермеді. Бізді алдап, уақыт созып келеді. Жұмыс тоқтап тұр. Бұл жолы министр 25 шілдеде беріледі деп уәде беріп кеткен”, - дейді Пазылов.

Қырғызстанның жол және көлік министрлігі жақын уақытта мәселенің шешілетінін, құрылыс компаниясына ақша бөлінетінін жеткізді. Көлік министрлігінің ақпараты бойынша, Ош-Баткен-Исфан жолдарын жөндеуге Ислам даму банкі ақша бөлуге уәде берген. Бұл мақсатта 21 млн доллар бөлу керек. Былтыр көлік министрлігі мен Әзербайжанның «Алке Иншаат Санайи ве Тижарет» компаниясы арасында құрылыс жұмыстарын орындау жөнінде 18 млн долларға келісімге қол қойылған. 

Дереккөз: “The Qazaq Times” 

26 шілде 2018, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.