Атырау, 29 наурыз 00:44
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Енді қайттік?! Дамыған 30 елде үш-төрт жыл сайын президент ауысады екен», «Жүген кімдікі?», «Абайға тіл тигізген "қисық ауызға" бірер жауап...», «Әлем сүйсінген Колинда: қарапайым ауыл қызынан президентке дейін», «Тиін мен тиын».

2 177 просмотра

QAMSHY.KZ. «Әлем сүйсінген Колинда: қарапайым ауыл қызынан президентке дейін» - Хорватия президенті Колинда Грабар-Китаровичті Ресейде өткен футболдан Әлем чемпионатынан кейін бүкіл әлем таныды. Жай ғана танып қоймады, тамсанды, ғашық болды, қызыға да, қызғана да қарады. Әрине, өз елінің командасын қолдау үшін қарапайым жолаушылармен бірге Ресейге ұшып барған мемлекет басшысын кім құрметтемес? Біздің ендігі әңгімеміз жұрт сүйсінген президенттің балалық шағы, армандары, жалпы өмірі жайлы болмақ.

«Халқының 12%-ы ғана жоғары білім алған Түркия қалайша өзгені оқытып-тоқытпақшы?» - «Маарифтің» қолы ұзын: «Неоосманизм», «жоғары нәсіл» және «ислам халифаты» хақында. 

INFORMBURO.KZ. «Өзбекстандағы қазақтар. Көрші елдің кәсіби гольфшыларының арасында қазақ та бар» - Гольфтан Қазақстанның екі дүркін чемпионы Өзбекстан ұлттық құрамасында қалуды жөн санайды. Себебі Қазақстан тарапынан ұсыныс түспеген.

«Астанаға қонаққа келсеңіз, абай болыңыз. Автобуста жүру тәртібі өзгерді» - Сараланған тариф енгізілді. Көлік картасына ақша жүктеуде кедергі де бірқатар. Жұрт жүйені меңгере алмай жатыр ма, әлде Астана LRT асығыстық танытты ма?

EGEMEN.KZ. «Тиін мен тиын» - Сюрреалистер сара жолын салған инсталляция туындылары бұл күнде қалалардың өзіндік эстетикалық ерекшелігі мен көрікті келбетін қалыптастырудың құралына айналғаны мәлім. Көптеген көркем шығармашылық өкілдерінің кеңістікке арналған композициялық инсталляциялары қазақстандық қалаларда да орнатыла бастады.

«Машинада туып, машинада өлген хоккейші» - Атақты спортшы Валерий Харламов хақында.

AIKYN.KZ. «Жүген кімдікі?» - Мемлекет басшысы дағдарыс кезінде құқық қорғау саласы қызметінде бірқатар мәселенің беті ашылғанын бірнеше рет атап өткен болатын. Қоғамдық резонанс тудырған қылмыстар ашылмай қалып отыр. Көшедегі қылмыскерлікке қарсы күрес бәсең жүргізілуде, ұйымдасқан қылмыстық топтар жанданды. 

365INFO.KZ. «Енді қайттік?! Дамыған 30 елде үш-төрт жыл сайын президент ауысады екен» - Саясаттанушы Айдос Сарым қазақтарды бесіктен шығып, есеюге шақыруда. Сарапшының айтуынша, балалық қорқыныштардан арылып,  есейіп, ер жететін кез келді, ендігі жерде көрші елдермен қызметтесуді үйреніп, толыққанды өмір сүруге ұмтылған жөн.

BAQ.KZ. «Киіз үй, шаңырақ және қазан туралы: Үшкір бұрыштарға ұрынбай өмір сүру философиясы» - Әдетте, қандай да бір тарихи деректің құндылығы оның көне құжаттарда көрініс табуымен бағаланады. Мұны ғылыммен шұғылданған, дерек іздеп архивтерде көз майын тауысқан жанның бәрі біледі. 

ABAI.KZ. «Абайға тіл тигізген "қисық ауызға" бірер жауап...» - Біз - Ұлы Абайдың атын алып, қазақтың жоғын жоқтап, жоғалғанын іздеп жүрген порталмыз. Сондықтан да, ұлттың ұстазына қарсы жасалған  әр шабуыл - бізге, қала берді Алты Алаштың бар баласына жасалған қиянат деп білеміз. Бүгін Нұрлан Байділдә атты кәсіпкер Ұлы Абай хәкімге тіл тигізді. 

26 шілде 2018, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.