Атырау, 17 желтоқсан 15:19
 бұлттыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​АҚШ-та бірнеше елді мекен су астында қалды

2 255 рет қаралды


АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы бірнеше штатта дүлей дауылдан кейін нөсер жауып, көптеген елді мекен су астында қалды.

Табиғат апатынан ең көп зардап шеккен Пенсильвания штаты. Су тасқыны кезінде 1 әйел қаза тапты. Жарақат алғандар туралы мәлімет жоқ. Тасқыннан көптеген нысан бүлінді. Херши қаласындағы ойын-сауық саябағы мен хайуанаттар бағы уақытша жабылды. 

Ал синоптиктердің болжауынша, жақын арада ауа райы жақсара қоймайды. Керісінше, тағы қатты жел соғып, жауын жауып, оның арты су тасқыны мен лай көшкініне ұласуы ықтимал. Қазір өңірде құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Дереккөз: 24.kz

26 шілде 2018, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.