Бір босқын үшін алты мың еуро. Еуроодақ Жерорта теңізіндегі мигранттарды құтқарып қалған одаққа мүше елдерге ақша төлемек. Осылайша көші-қон дағдарысын шешу үшін еурокомиссия жаңа стратегиясын ұсынды.
Бұл жоба Италия билігінің сұранысы бойынша әзірленді. Және Еуроодақ елдеріне мигранттарды әділ бөлуді көздейді. Стратегия бойынша Еуроодақ елдерінде ерікті негізде қабылдау орталықтарын ашу жоспарда бар. Бұл орайда Брюссель жобаға қажет барлық шығынды өз мойнына алатындығын жеткізді.
Жаңа орталықта босқындар өз мәртебесі анықталғанша күтетін болады. Еурокомиссияның бұл ұсынысын енді Еуроодаққа мүше елдер өзара талқылайтын болады.
Наташа Берто, Еуропалық комиссияның ресми өкілі:
- Одаққа мүше кез келген ел қабылдау орталығын ашса Еуроодақ нысанның инфрақұрылымы және қызметкерлерге жалақысы сынды барлық шығынды өз мойнына алады. Мигранттарға өз порттарын ашқан мемлекеттерге, Еуропалық шекара қызметі, жағалау күзеті, тексеру қызметі, баспана және жер аудару бойынша сарапшылар көсмектесетін болады. Әрине бұның барлығы Еуроодақтың есебінен іске асады.
Дереккөз: 24.kz