Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Еврей Ұлттық мемлекеті туралы заңның қабылдануы Израильдің нағыз фашистік және нәсілшіл ел екенін көрсетеді деді. Бұл туралы abhaber.com хабарлайды.
Түрік басшысының сөзінше, палестиналық аймақтағы атыстар Израильдің террорлық ел болып табылатынын көрсетеді. Түркияның Әділет және Даму партиясы депутаттарының алдында сөз алған Р.Т.Ердоған: «Гитлердің идеялары мен Израиль әрекеті арасында ешқандай айырмашылық жоқ», - деді.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху түрік басшысын сүриялықтар мен күрдтердің геноцидіне кінәлі деп айыптады.
«Ердоған сүриялықтар мен күрдтерді өлтіріп, өздерінің мыңдаған отандастарын түрмеге қамауда. Осы демократ тарапынан мемлекеттің ұлттық сипаты туралы заңының сыналуы — заңға арналған ең ауқымды пікір еді», - деді.
Еске салайық, өткен аптада, Израиль парламенті Израильдің ұлттық сипаты туралы заң қабылдаған болатын. Аталған заңда Израильді «еврей халқының ұлттық мемлекеті» деп танылған еді.
Дереккөз: “The Qazaq Times”