AZATTYQ.ORG. «Қаржылық ашықтық зерттеудің жолын ашады» - Қазақстанда оқу бітіріп, еңбек жолын бастаған, медицина бойынша шет елдерде ғылыми зерттеу жұмысымен айналысқан, қазір Италияда тұратын жас ғалым өз саласындағы зерттеудің ашықтығы жайлы айтады.
«Министр Азаттық тілшісі өлімі ісін тергеуді бақылауға алды» - Шілденің 24-і күні Азаттықтың Қырғыз қызметінің журналисі Уланбек Егізбаевты соңғы сапарға шығарып салды. Қырғызстанның Ішкі істер министрі шілденің 22-сі Ыстықкөлде отбасымен демалып жүріп суға кеткен Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің тілшісі, халықаралық жүлделердің иегері журналист Уланбек Егізбаевтың ісін тергеуді өз бақылауына алды.
«Ақшаң болса Ким Чен Ынды да сатып алуға болады» - Чжун Хо Солтүстік Кореядан алғаш рет 13 жасында қашпақ болған. Бірақ ол қашып бара жатқан жерінен ұсталып, концлагерьге қайта оралған. Солтүстік Кореяға қайта оралғандағы өмірі қалай болды? Оның екінші рет қашу жоспары жүзеге асты ма? Чжун Хо «Настоящее время» сайтына берген сұхбаты.
«Сирияға кеткеніне қатты өкінеді» - Ақтөбеден Сирияға барған Руслан Ермағамбетов қазір сол елде қамауда отыр дейді қарындасы. Таяу Шығыстағы қарулы жанжал аймағына Қазақстаннан кеткендердің туыстары оларды бала-шағасымен елге қайтаруға үкіметтен жәрдем сұрайды. Билік олардың өтініштерін қарап жатқанын айтады.
«Сайрагүл мен прокурор келісімге келе алмады» - Шілденің 23-і күні Алматы облысының Панфилов аудандық сотында Қытай азаматы, "шекарадан заңсыз өтті" деп айыпталған этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайды Қытайға қайтару мәселесі бойынша сот отырысы жалғасты.
«Қоғамдық кеңес Алматының қауіпсіздігіне алаңдайды» - Алматы әкімдігі жанынан құрылған қалалық қоғамдық кеңес спортшы Денис Теннің қазасынан кейін кезектен тыс жиын өткізді. Жиналғандар қаланың қауіпсіздігін талқылап, бірнеше шенеуніктің отставкаға кетуі керегін айтты.
DALANEWS.KZ. «Назарбаев кадрлық өзгерістерді қоғамдық қысымның жетегімен жасамайды» - “Назарбаев кадрлық өзгерістері ешқашан қоғамдық қысымның жетегімен жасаған емес” дейді саясаттанушы Талғат Қалиев.
ULT.KZ. «Құшағы қатты халықтың ұлы» - Өткенде интернет форумнан бір жігіттің жазбасын оқыдым. «Бекзат қайтыс болғанда жыладың ба?», – деген түркістандық қыздың сұрағына: «жоқ» дедім. Сол кезде ол: «Тас жүрек екенсің!» деген. Бекзат Саттарханов туралы естісем, осы есіме түседі», – дейді ғаламтордың арғы бетінде отырған бейтаныс адам.
365INFO.KZ. «Сұмдық-ай! Амангелдіні атқан кім екенін білесіз бе?» - Амангелді Иманов жайында ел ішінде әңгіме көп. Рас, ол халық батыры. 1916 жылы тұтанған Ұлт-азаттық көтерілістің басшысы. Айтқымыз келгені ол жөнінде емес. Батырдың кімнің қолынан қаза болғандығы жөнінде.