Атырау, 27 наурыз 06:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 481.83
€ 556.80
₽ 5.85

​Грекияда 3 күндік аза тұту жарияланды

2 006 рет қаралды


Грекияда орман өртінен қаза тапқандарға байланысты 3 күндік аза тұту жарияланды. Рейтер агенттігінің дерегі бойынша, қарағайлы ормандарды шарпыған қызыл жалын салдарынан мерт болғандар саны 70-тен асқан. 

Олардың қатарында балалар бар. Бұған дейін 50 шақты адамның ажал құшқаны хабарланған болатын. Тағы 100-ден астамы түрлі деңгейде жарақат алды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың көбінің халі нашар. От шаһардан 50 шақырымдай жердегі таулы ауданда тұтанған.  

Айта кетейік, тілсіз жаумен күресуге 600-ден аса өрт сөндіруші, 5 тікұшақ және 300 техника жұмылдырылды. Бірақ мамандар қатты жел оны сөндіруге кедергі келтіріп отырғанын айтады. Жалын салдарынан қала қалың түтіннің астында қалды. Жергілікті билік Афинаның солтүстік-шығысы мен батыс бөлігінде төтенше жағдай жариялады.

Дереккөз: 24.kz

25 шілде 2018, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.