Атырау, 30 қараша 04:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Никарагуада кезектен тыс президент сайлауы болмайды

1 355 просмотра


Fox News Channel телеарнасына берген сұхбатында Никарагуа президенті Даниэль Ортега кезектен тыс сайлаудың болмайтынын мәлімдеді. 

Ол ел басшысын таңдау жоспарланғандай 2021 жылы өтетінін айтты. Ресми деректерге сәйкес, соңы тәртіпсіздікке ұласқан ереуілдер салдарынан сәуір айынан бері 300-ден аса адам көз жұмып, 2 мыңнан аса тұрғын түрлі деңгейде жарақат алған. 

Еске сала кетейік, Никарагуа халқының ашынуына үкіметтің әлеуметтік сақтандыруға байланысты қабылдаған жаңа реформасы түрткі болған еді. Наразылық акциясы нәтижесінде заңнама күшін жойды. 

Алайда бұл жаңалықтан кейін де ереуілдер басылмады. Керісінше, ушыға түсті. Шерулер соңы тәртіп сақшыларымен қақтығысқа ұласып, наразылық акциясына қатысушылар биліктен кезектен тыс президенттік сайлау өткізуді талап еткен болатын. Бұл мәселе, тіпті, халықаралық ұйымдарды алаңдата бастаған.

Дереккөз: 24.kz

25 шілде 2018, 09:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.