Испанияның Понтеведра провинциясындағы Ароуса өзенінде жолаушылар мен жүк кемесі соғысып, бортында 52 жолаушысы бар кеме өртке оранды.
Салдарынан 5 адам жараланды. Олардың ішіндегі қатты күйік шалған екеуінің халі ауыр. Апат кезінде қаза тапқандар жоқ. Оқиға кезінде жолаушылардың көбі суға секіріп, оларға жақын маңдағы қайықтар мен кемелер көмекке келген. Әзірге өзендегі апатқа не себеп болғаны белгісіз.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүріп жатыр.
Дереккөз: 24.kz