Лаостың Аттапы провинциясындағы су электр станциясында бөгет жарылды. Салдарынан тасыған су аймақтағы алты елді мекенді шайып өткен.
Қаза тапқандардың нақты саны әзірге жарияланған жоқ. Жергілікті ақпарат құралдарының дерегіне сүйенсек, жүздеген адам ұшты-күйлі жоғалып кеткен.
Ал сол маңдағы 6 жарым мың тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Апаттың себебі әлі жарияланған жоқ. Қазір оқиға орнында құтқару-іздестіру операциясы жүріп жатыр.
Дереккөз: 24.kz