Атырау, 30 қараша 04:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Филиппин президентінің жолдауынан кейін халық ереуілге шықты

1 457 просмотра


Филиппин президентінің биылғы жолдауынан соң мыңдаған тұрғын қарсылық шарасына шықты. Себебі Родриго Дутерте қайтадан елдегі есірткі бандасымен күресті жалғастыратындығын жеткізген. 

Белсенділердің пікірінше, президенттің бұл іске берілгені соншалық елдің экономикасы құлдырап, жұмыссыздық деңгейі өсіп, адамдардың құқығы бұзылып жатқандығын байқамай келеді. 

Соған қарамастан ел көшбасшысы бұл іс халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған деп отыр. 

Родриго Дутерте, Филиппин президенті: 

- Егер осы қарсылық шарасына шығу арқылы мені есірткімен күресуден бас тартады деп ойласыңыздар қателесесіздер. Сіздерге адам құқығы маңызды болса, маған тұрғындардың өмірі маңызды.  

Президенттің дәл осы сөзіне ереуілшілер күмәнмен қарайды. Себебі адам өмірін бірінші орынға қоятын Дутерте ел президенті болғалы екі жыл өтті. Бұл аралықта полиция қызметкерлері сот үкімін күтпестен күдікті болған төрт жарым мың адамды атып тастаған. 

Сондай-ақ есірткі немесе зиянды тауарды саудалағаны үшін бірнеше мың адам белгісіз топтың қолынан қаза тауып отыр.

Дереккөз: 24.kz

24 шілде 2018, 17:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.