Биылғы жылдың наурыз айынан бастап мұнай астанасына кіруді және шығуды бақылайтын 4 стационарлық полиция бекеті салынып жатыр. Пайдалануға беру мерзімі - қыркүйек. Бекеттер Орал, Индер, Астрахан және Құлсары трассаларына қойылады. Әрқайсысында үш ауысымда 12 полиция қызметкері кезекшілік етеді.
- Қылмыстың едәуір бөлігін басқа аймақтардың «гастролерлері» жасайды, стационарлық бекеттер осы жағдайды бақылауға алуға мүмкіндік береді. Енді полицияда Атырауға келген-кеткен барлық көліктер туралы мәліметтер болады, - деп хабарлады Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі.
«АЖ» сауалына облыстық әкімдікте бекеттерді салуға 1 млрд 386 млн теңге бөлінгенін айтты. Одан басқа, облыстық әкімдік оларды деректер базасы бар керемет бейнебақылау камераларымен жабдықтауға уәде етіп отыр.
Фархат ӘБІЛОВ
Өңірлік коммуникациялар қызметі жолдаған сурет