Атырау, 25 қараша 22:59
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ақтау үкімін үш жыл күтті

2 024 просмотра


№2 Атырау қалалық соты кофеханалардың бірінің менеджеріне қатысты ҚР ҚК-нің 189-бабы 2-тармағының 3-тармақшасына (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi өзінің қызмет бабын пайдалана отырып иемденiп алу) сәйкес, біздің сот жүйемізде өте сирек кездесетін ақтау үкiмін шығарды.

Әйелге төленген тапсырыстардың чектерін жойып, кейіннен оларды негізсіз жеңілдіктермен қайта жасау арқылы 529 мың теңге көлемінде ақша ұрлады деген айып тағылды. Қылмыстық іс үш жыл бұрын басталып, қосымша тергеу үшін полицияға қайтарылған еді. Ал негізгі сот ісін жүргізу барысында айыптау тарапы сотталушының кінәсін ақыры дәлелдей алмады.

- Судья Жұмағали ТАШИМОВ процеске қатысушылардың айғақтарын талдап, оларды сот-экономикалық сараптамамен және қылмыстық істің басқа да материалдарымен салыстыра отырып, айыптау болжамдарға ғана негізделген деген қорытындыға келіп, сотталушыны ақтап шықты, - деп хабарлайды №2 соттың баспасөз қызметі. – Аталмыш үкiммен М-ға қылмыстық процестi жүргiзген органдардан заңсыз iс-әрекеттерi арқылы тигізген зиянды өндіріп алу құқығы берілді.

Фархат ӘБІЛОВ

24 шілде 2018, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.