Атырау, 20 сәуір 16:42
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қуаныш сыйлаған волонтерлар

1 980 просмотра

«Aspire! Act! Achieve!» (Ұмтыл! Қимылда! Қол жеткіз!) волонтерлері ақыл-ойы кем балаларға арналған облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін қажетті заттарды сатып алу қаржысын көше аралап жинады.

Ол былайша жүзеге асты: жастар өтіп жатқан адамдарға өз акциялары туралы баяндап, оларға 100 теңгеге масаға қарсы спрейді ұсынды. Олар адамдар көп жүретін және ең масалы деген жер - өзен жағалауын таңдап алды. Адамдар мұны түрліше қабылдады. Кейбіреулері олардың жанынан жәй өте салды, енді бірі бұл іспен мемлекеттің айналысуы керек екендігін және 100 теңгеден балаға көмектесу мүмкін еместігін айтып жатты. Дегенмен, олардың көпшілігі балаларға көмектесу керек деген өтінішке құлақ асты.

– Біз бұл жерде аутизммен, БЦС, Дауна синдромдарымен сырқат балаларға әлеуметтік көмек беру туралы әңгімеледік. Адамдар біздің акциямызға түсіністік танытты,- дейді «ААА» волонтері Айгүл ҚАЛЫБАЕВА.

Нәтижесінде балаларға бір аптада 85 мың теңге шамасында жинауға мүмкіндік болды. Бұл ақшаға олар интернат әкімшілігі ұсынған тізімдегі заттарды сатып алды. Олар жазғы бас киімдер, шортиктер, сланцы, гигиена құралдары. Ал, волонтерлер балалар үшін көңілді бағдарлама әзірлеп, оларды қолдарынан келгенше көңілдендірді.

–Көпшілігі төсекке таңылған және балалық шақтың қызықтарынан шет қалған балаларды көргеніңде жүрегің сыздап қоя береді. Олар кәдімгі балалар секілді аулада достарымен бірге ойнай алмайды, өздіктерінен тістерін тазартып, түймелерін сала да алмайды, - деп әңгімелейді «ААА» волонтері Алмаз НЫСАНБАЕВ. – Біз оларға тағы да барамыз деген сенімдеміз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 шілде 2012, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.