Атырау, 25 қараша 23:05
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

"Қуаңшылық - санамызда"

Сурет Бейнежазба
7 531 просмотра

Кезінде Индер ауданының орталығы – Индербор кенті  Атырау облысындағы ең таза, жасыл кент болған еді. Ал қазіргі келбеті мүлдем өзгеше: қоқысқа толған көшелер, күтімсіз қалған саябақтар...

Жеңіс саябағы. Аумағы 1,5 га болатын «Жеңіс» демалыс саябағы 2015 жылы пайдалануға (мердігер «Алау-Жайық» ЖШС) берілді. Парк құрлысына бюджеттен 65 млн теңге жұмсалды. Аз уақыт өтсе де, жаңбырдан мүжіліп, сылақтары түскен. Жасыл-желек аз.

Ескі саябақ. Кеңес кезінен бар саябақ күтімсіз қалған. Қоршаулары құлап, сахнасы қираған. Бұл жерде кезінде аллеялар, отырғыштар, карусельдер болған, ал қазір алқаштардың үйреншікті орнына айналған. Бұдан төрт жыл бұрын кенттің бұрығы әкімі А. Құсайынов сметалық құжатын жасақтауға қаржы бөлінетінін айтқан болатын. Бірақ бәз-баяғы қалпы.


«Бейбарыс» аллеясы аудандық әкімшілікке қарсы беттегі кенттің көрнекі жерінде орналасқан. Аллеяның бойында отырғыштар қойылғанымен, жасыл-желек аз.  

Жаңа саябақ «Көктем» ықшамауданында «Индер-Атырау» тас жолының бойында орналасқан. Бұл саябақ 42 млн теңгеге салынып, (мердігер - «ЖолаушыЖол» ЖШС) биыл пайдаланылуға берілген. Жан-жағы қоршалып, орындықтар мен урналар қойылған. Төсемтастар ұзына бойына төселген. Биыл біраз ағаштар егілген. Алайда аллеяның кент шетіне орналасуына байланысты мұнда келушілер келушілер аз.

Өткен жылдың басында 5 көшеге 8642 шаршы метр жаяу жүргінші жолы салынып, пайдалануға берілген.  Кепілдік мерзімі үш жыл. Төсемтастар қыс кезінде қарда төселгендіктен, кейбір бөліктері жарамсыз болып қалды.


Жұмаден ТӘЖІҒАЛЕВ, тұрғын:

- Осы кентте тұрып жатқаныма қырық жыл болды. Осы жерге не ексе де, гүлдеп шығатын құнарлы жер. Бұрын кентіміз ең көрікті жер болатын. Соңғы бес-алты жылдың төңірегінде адам көргісіз қалашыққа айналды. Жасыл-желек қурап, қоқыстар шашылған. Жайық өзенінің жағасында тұрып осы жерге су жеткізе алмауы жанымызға батады. Бұл неткен қуаңшылық дейміз. Қуаңшылық біздің санамызда болар деген ой келеді кейде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

24 шілде 2018, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.