Куба халық билігі ұлттық ассамблеясы конституцияны өзгертуге негізделген реформаны мақұлдады. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, дауыс беруге қатысушылар құжатты бірауыздан қабылдады.
Енді 13 тамыз бен 15 қараша аралығында бүкіл халықтық референдум кезінде талқыға түседі. Оның қай кезде өтетіні әзірге нақтыланған жоқ, бірақ осы жылдың соңына дейін болады деп жоспарланған. Мемлекеттің негізгі заңына енгізілетін өзгертулер қатарында жекеменшік мәселесі, президент пен премьер-министр лауазымына таңдауды жүргізу, біржынысты отбасын құру мен мемлекеттік ұйым басшысы қызметінде отыру уақытын шектеу мәселелеріне қатысты болады.
Айта кету керек, 1976 жылы қабылданған конституцияны қоғамдағы саяси және экономикалық өзгерістерге байланысты жаңарту қажеттілігі туындады. Мигель Диас-Канель, Кубаның мемлкеттік кеңес төрағасы: - Бүкілхалықтық референдум кезінде Кубаның әр тұрғыны өз ойын еркін айта алады. Халықтың таңдауына негізделіп, мемлекеттік құжатқа өзгертулер енгізіледі. Конституцияны бәріміз бірге жаңартамыз. Себебі ол елдің болашағын айқындайды.
Дереккөз: 24.kz