Мюнхен көшелерінде 25 мың адам ереуілге шықты. Олар босқындарға қатысты жасалып жатқан саясатқа қарсы. Наразылық акциясына 100-ден аса қоғамдық ұйым мен кәсіподақтар атсалысты.
Шерушілер «Адам құқығы мен демократия үшін» деп ұрандатты. Олар Германияның сыртқы істер министрлігінің миграциялық саясатқа байланысты қабылдаған заңын қолдамайды.
Айта кету керек, Хорст Зеехофердың бастауымен мигранттардың тағдырын 48 сағат ішінде шешетін арнайы орталықтар ашылады. Сонымен қатар оларға қолма-қол ақша берілмейді, тек қажеттілігіне керек заттарды алуға арнайы карта қолданатын болады. Осы және өзге де жаңашылдықтар Германия халқының ашуына тиді.
«Демократия билеген елде мұндай қатыгездікке жол жоқ», – дейді ереуілге жиналғандар. Инго Шмидт, ереуілші: - Үкімет жүргізіп отырған саясат көңілімнен шықпайды. Саясаткерлердің қолында ойыншық болғымыз келмейді. Бұның демократияға түк те қатысы жоқ.
Дереккөз: 24.kz