ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедиясы» ММ стансалар желісі 2018 жылдың 23 шілдесі күні екі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Біріншісі Алматы уақытымен 2 сағат, 23 минут 08 секундта тіркелді. Оның эпицентрі Алматыдан 332 км оңтүстікте, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты - 10.1. MPV магнитудасы - 4.6. Ошағының тереңдігі 10 км. Екінші жер сілкінісі Алматы уақытымен 5 сағат 06 минут 12 секундта тіркелген.
«Эпицентрі Алматыдан 519 км оңтүстік-батыста, Тәжікстан, Қырғызстан және Қытай шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты - 10.0. MPV магнитудасы - 4.3. Ошағының тереңдігі 20 км», - делінген хабарламада.
Дереккөз: inform.kz