AZATTYQ.ORG. «Денис Тенді жоқтау және Шыңжаң қазақтарының жағдайы» - Батыс баспасөзі бұл аптада қазақстандық спортшы Денис Теннің қазасы, Сайрагүл Сауытбай мен Шыңжаңдағы этникалық қазақтардың жағдайы және АҚШ-қа әкелетін уранға қатысты жаңа тергеу ісі туралы жазыпты.
«Сирияға кеткеніне қатты өкінеді» - Ақтөбеден Сирияға барған Руслан Ермағамбетов қазір сол елде қамауда отыр дейді қарындасы. Таяу Шығыстағы қарулы жанжал аймағына Қазақстаннан кеткендердің туыстары оларды бала-шағасымен елге қайтаруға үкіметтен жәрдем сұрайды. Билік олардың өтініштерін қарап жатқанын айтады.
«Алматыда Денис Тенді соңғы сапарға шығарып салды» - Алматыда қазақстандық танымал спортшы Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды. Қылмыскер пышағынан ажал құшқан өнерлі жігітпен қоштасуға Алматы мен Астанадағы қаралы шараларға көп адам жиналды.
«Денис Теннің қазасы қоғамды тіксінтті» - Қазақстандық танымал спортшы Денис Теннің кісі қолынан қаза табуы қоғамда резонанс туғызды. Әлеуметтік желі қолданушылары Алматының орталығында тападай тал түсте көшеде пышақпен жасалған шабуылға байланысты полицияның жұмысын сынады. Құқық органдары күдікті екі адамның бірі қолға түсіп, "қылмыс жасағанын мойындағаны" туралы хабарлады.
«Памир қырғыздарының Нарындағы өмірі» - Өткен жылы күзде Қырғызстан билігінің жәрдемімен Памирден Қырғызстанның Нарын облысына қоныс аударған этникалық қырғыздар Ауғанстанға қайтып жатыр. Үкімет оларға қандай жағдай жасады? Неліктен олар қырғызстандықтар тәрізді құқыққа ие болмады?
TTJK.KZ. "Түркиядағы Троя музейі" - Түркияның Чанаккале қаласында Еуропа мен Азия мәдениетінің 5 мың жылдық тарихы бар мұрағаттарын көпшілік назарына ұсынатын Троя музейі ашылады. Гомердің «Илиада» мен «Одиссея» поэмаларында суреттелген Троя қаласы түріктердің қазіргі Чанаккале қаласының маңында орналасқан. Оны археологтар 1871 жылы тапқан...
ABAI.KZ. «Трамп пен Путиннің кездесуі. Каспийдің біраз бөлігінен айрылып қалмаймыз ба?» - Әлемдік БАҚ соңғы күндері екі алып держава басшыларының кездесуі хақында жаза бастады. Әрине, ресми кездесудегі ресми әңгіменің бәрі "әдемі". Сол "әдемі әңгіменің" өзін сынап, Трампты ағаш атқа теріс мінгізіп жатқандар жетерлік. Ресми әңгіменің сыртында жалпыға белгілі емес қандай жағдаяттар сөз болды? Ауғанстандағы мүдделер мәселесі қалай шешілді?
AIKYN.KZ. «Зейнетақы жүйесі: ертеңді бүгіннен ойла» - Шамамен, 2040-2042 жылдары Қазақстанда ортақ зейнетақы жойылып, зейнетақы тек базалық және жинақтаушы жарналардың есебінен төленетін болады. Яғни, 1980-1981 жылы туған азаматтар зейнеткерлікке шығар уақытта өзінің жұмыс өтілі мен еңбекке жарамды жасында жинап үлгерген зейнетақы жинағына ғана үміт арта алады.
INFORMBURO.KZ. «1998, 2008... Он жыл сайынғы дағдарыс 2018-де қайта айналып соға ма?» - АҚШ пен Ресей арасындағы ақпараттық соғыс қаржы тақырыбына ойысты. "Bank of America Corp" өткен аптада қаржы дағдарысының келесі толқыны жақындап қалды деді.
DALANEWS.KZ. «Қасымов неге кетпей отыр?» - Қазақстан халқы атақты спортшы Денис Теннің кісі қолынан қаза болуы туралы қайғылы жаңалықты қабырғасы қайыса қабыл алды. Әлеуметтік желіде көңіл айтып жатқан халық мәселе мәйегіне де үңілуде. Олардың бір парасы ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың отставкасын талап етуде.
EGEMEN.KZ. «Қапияда кеткен қырандар» - “19 шілде күні тападай тал түсте Алматының қақ ортасында даңқты спортшы Денис Тен қандықол қарақшылардың қолынан қаза тапты” деген хабар жаһанға тарады. Бұл күндері баспасөз беттерінде осы тақырыпта жазылған құлаш-құлаш мақалалар жарық көріп, әлеуметтік желілерде осы істің мән-жайы терең талқыға түсуде. Қазақстанның билік басындағы азаматтары мен шетелдің атақты спортшыларынан бастап, қатардағы қарапайым жұртқа дейін чемпионның отбасына қайғырып көңіл айтуда.