Атырау, 30 қараша 03:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Украина мен АҚШ Донбаста референдум өткізуге қарсы

2 402 просмотра


Украина Жоғарғы Радасы спикерінің бірінші орынбасары Ирина Геращенко елдің шығысында қандай да болмасын референдум өткізу идеясына үзілді-кесілді қарсылық білдірді. "Донецк пен Луганскідегі мектептер мен балабақшалардың маңында басқыншылық жасаған Ресейдің танктері тұрғанда және қару астында ешқандай референдумге жол жоқ" деп жазған ол Facebook әлеуметтік желісінде.

Бұған дейін Bloomberg агенттігі өз дереккөздеріне сілтеме жасап, Ресей президенті Владимир Путиннің шілденің 16-сы күні Хельсинкиде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен кезде оған Украинаның шығысында өзін өзі жариялап алған "Донецк халық республикасы" мен "Луганск халық республикасы" аумағында референдум өткізу жайлы ұсыныс айтқаны туралы хабарлаған. Агенттік дереккөздерінің айтуынша, Трамп болса "ойланатынын" айтып, Путиннен әзірше бұл туралы көпшілікке жария етпеуін сұраған.

Жұма күні Ақ үй Трамппен кездескеннен кейін Путиннің Украинаның шығысында референдум өткізу туралы айтқанына "қолдау білдіру мүмкіндігін қарастырып жатпағанын" мәлімдеді деп хабарлайды "Америка дауысы".

Шілденің 20-сы күні Ресейдің АҚШ-тағы елшісі Анатолий Антонов АҚШ пен Ресей президенттерінің Хельсинкидегі кездесу кезінде Донбаста референдум өткізу мүмкіндігін талқылағаны туралы мәлімдеген. Оның сөзінше, саммитте нақты ұсыныстар айтылған, бірақ Антонов оның бүге-шігесін айтудан бас тартты деп хабарлайды Deusche Welle басылымы.

АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Гарретт Маркиз Донбастағы жанжалды реттеуге қатысты Ресей мен Украина арасындағы келісімдерде "ешқандай референдум өткізу мүмкіндігі қарастырылмағаны" туралы мәлімдеген. Оның сөзінше, әлдебір "референдум" өткізуді ұйымдастыруға бағытталған кез-келген іс-әрекет "заңсыз" болмақ.

Дереккөз: azattyq.org

21 шілде 2018, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.