Атырау, 30 қараша 03:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

АҚШ Қытай мен Ресейді санкция талабын орындамағаны үшін айыптады

2 343 просмотра


Жанармай импортын шектеу Солтүстік Корея экономикасына үлкен соққы болмақ. Фото: VOA. Дипломатия өкілдерінің мәліметіне қарағанда, Ресей мен Қытай тарабы АҚШ-тың Солтүстік Кореяға тазартылған мұнай жеткізуді шектеу шарасына кедергі келтірген. 

Өткен аптада Құрама Штат тарабы осы жөнінде БҰҰ-ның санкциялар комиссиясына шағым берді. Бұл туралы VOA News хабарлаған болатын. АҚШ тарабының мәлімдемесінде, БҰҰ санкциясының негізінде, Солтүстік Кореяның импортталған жанар жағар май 500 мың баррельден аспауға тиіс. Құрама Штат БҰҰ-ға мүше барлық елдерден осы шектеу шарасын атқаруды талап еткен. 

Солтүстік Кореяға бағытталған бұл шаралар өткен жылы желтоқсан айынан басталған еді. Алайда, Солтүстік Кореяға тасымалданған жанар жағар май шектеу көлемінен асып кеткені алға тартылған. 

Бұған Қытай мен Ресейдің аталған шараларды қарап-тексеру істерін ұзаққа созғаны басты себеп делінген. Осы уақыттарда Солтүстік Кореяға жөнелтілген жанармай шектеу көлемінен асып кеткен. АҚШ сонымен бірге, Солтүстік Кореяға жанармай тасымалдайтын кемелерді шектеу шарасын бір есе арттыруды талап етті. 

Айта кетейік, маусым айындағы Трамп-Ким саммитінен кейін Солтүстік Корея басшысы ядролық қарудан бас тартуға келісім берген болатын. Дегенмен, АҚШ тарабы ядролық қарусыздану толық жүзеге асқанға дейін КХДР-ға бағытталған санкцияны жалғастыратынын анық байқатып отыр. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

20 шілде 2018, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.