Атырау, 17 желтоқсан 08:49
 ашықВ Атырау 0
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

Қанішердің есі дұрыс болмаған

2 268 рет қаралды


Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қатыгездікпен адам өлтірді деп айыпталған 27 жастағы Қырғызстан азаматы Т.-ға қатысты қаулы шығарды.

Өткен жылдың 19 қарашасында сағат 04.30-да ол Привокзальныйдағы «Арба» кафесінде отырған 39 жастағы Ақтау тұрғынына себепсізден бас салып, 52 пышақ жарақатын салған. Жарақат салдарынан зардап шегуші сол жерде көз жұмды.

- Тергеу барысында сараптама ісі қылмыскердің ессіз күйде әрекет еткенін анықтады. Өйткені ол «Сараланбаған шизофрения» деген психикалық дертке шалдыққан, - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Сот ҚР ҚК-нің 16-бабының («Есi дұрыс еместiк») негізінде Т.-ны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, оны Алматы облысының Талғар ауданында орналасқан арнайы типтегі психиатриялық мекемеге жіберу туралы қаулы шығарды. Қаулы заңды күшіне енді.

Фархат ӘБІЛОВ

20 шілде 2018, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.