Атырау, 16 наурыз 00:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

«Ақжайық» резерватындағы өрт сөнді

2 986 рет қаралды


«Ақжайық» мемлекеттік резерватындағы өрт төрт тәулік өткен соң толықтай сөнді. Өрт болған алғашқы күні түтін Атырауды тұмшалап алған болатын. Бұл туралы «АЖ» тілшісіне резерват директоры Әлімғали ДАУЫЛБАЕВ хабарлады.

- Бүгін түнде өрт толық сөндірілді (түнде жауын жауғаны дөп болды – Ф.А.). 36,6 га қураған шөп пен қамыс жанып кетті. Өртенген жер батпақты болғандықтан, өртке жақын бару қиын болды. Сондықтан да ұзақ өшірілді. Тікұшақтан 70 тоннадан астам су шашылды.

- Жалпы зиян мөлшері қандай?

- Қазір комиссия құрылды, есептейміз, жануарлар әлемі бойынша да залал бар. Нәтиже 15 күннен кейін дайын болады.

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген Сәуле ТАСБОЛАТОВА

20 шілде 2018, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.