AZATTYQ.ORG. «Министрлік шетелден қайтарылған "ұрлық ақшаның" игеріліп жатқанын айтады» - Қазақстан Инвестициялар және даму министрлігі "халықтан ұрланды" деген күдікпен Швейцарияда бұғатталып, кейін Қазақстанға қайтарылған ақшаның жартысы – 21,76 миллион доллардың қалай жұмсалып жатқаны туралы Азаттыққа жауап берді.
«Олимпиада жүлдегері Денис Тен қайтыс болды» - Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Тен 25 жасында өмірден өтті.
DALANEWS.KZ. «Смағұлов – саудагер күйінде қалған кәсіпкер ме?» - Қазақстандағы көлік саудасы жайында әңгіме қозғағанда Нұрлан Смағұлов бірден ойға орала кетеді. Қазір оны еліміздегі көлік саудасының «королі» деп атасақ та болады.
INFORMBURO.KZ. «Баламалы энергия. Қазақстан мұнайға тәуелділіктен қашан құтылады?» - 2050 жылға қарай қазақстандықтар тұтынатын электр энергиясының жартысы баламалы жолмен өндірілуі тиіс. Оған дайындықты бүгіннен бастау керек.
EGEMEN.KZ. «Ғұмар Қараш туралы тың деректер» - Жуырда жолымыз түсіп Уфа қаласында, Башқұртстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінде болдық. Көздеп келген мақсатымыз – Бөкей Ордасы мешіттерінің ХІХ-ХХ ғғ басындағы метірке кітаптарымен танысу еді. Жолымыз болып, ақын-ағартушы Ғұмар Қараштың өз қолымен толтырған құжаттар қолымызға түсті.
«Атақ қымбат па, абырой қымбат па?» - Бүгінде қандай жолмен келсе де атақ үшін есі кете, есерлене қимылдайтынымызды бәрі біледі. Айталық, жуырдағы бір мереке күндерінде орден сатылыпты. Бұл орденнің атауы қандай дерсіз – «Қазақстанның құрметті азаматы».
AIKYN.KZ. «Қазақстан қор биржасы: соңғы көрсеткіштер қандай?» - Қазақстан қор нарығындағы құнды қағаздар саудасы 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында 2,3 есе өссе, KASE индексі 12 пайызға артқан. Сонымен қатар отандастарымыз құнды қағаздарды сатып алуға ден қоя бастапты. Бұл туралы жартыжылдық жұмысын қорытындылаған Қазақстан қор биржасының өкілдері мәлімдеді.
JASQAZAQ.KZ. «Хрущевтың зорлығы немесе қазақ жерлері қалай Өзбекстанға берілді?!» - Өзбектер Қазақстандағы Шымкент облысы Бостандық ауданын сұрап, Мәскеуге бірнеше рет хаттар жіберген. Ол кезде Өзбек КСР-нің бірінші хатшысы Мухитдинов болатын. Ол мынадай себептерді алға тартты.: «Біріншіден, Қазақстан бұл ауданға Ташкент арқылы қатынайды (Жол болмаған) Екіншіден, мақта саламыз, мал көбейтеміз, экономиканы көтереміз» деп өзбектер осынау шұрайлы өлкені әйтеуір бір сылтаумен қолға түсіргенше жанталасқан.
SPUTNIKNEWS.KZ «Шпекбаев қандай органдарда сыбайлас жемқорлық жиі жасалғанын айтты» - Соңғы жарты жыл ішінде жемқорлық жасаған 700-ден астам тұлғаның қылмысы әшкереленді.
365INFO.KZ. «Мәсімовке қатысты жаңа дерек белгілі болды» - Не дейді, мынау масқара ғой! Танымал саясаттанушы Данияр Әшімбаев еліміздің билік органдары тағы бір қайта құрылмдауды басынан өткереді депті.