Еуропалық Одақтың монополияға қарсы ұйымы америкалық «Гугл» компаниясына 5 миллиард доллар айыппұл салды. Оған холдингтің интернеттегі қызметін асыра пайдаланғаны себеп. Осыған байланысты еуропалық орган компанияға өз саясатын өзгертуге 3 ай уақыт берді.
Алайда америкалық алпауыт бұл шешіммен келіспейтінін мәлімдеп, оны қайта қарауға күш салатынын жеткізді. Ал мамандардың айтуынша айыппұл «Гуглдың» қаржылай жағдайына аса әсер ете қоймайды. Өйткені бірлестіктің активі 103 миллиард долларды құрайды.
Бірақ мұндай шара Еуроодақ пен АҚШ арасындағы сауда соғысын ушықтыра түсуі мүмкін.
Маргрет Вестагер, Еурокомиссияның бәсекелестік саласындағы саясат жөніндегі өкілі:
- Біз бұл істі мұқият қадағалайтын боламыз. Егер «Гугл» компаниясы біздің шешімізге бағынбаса, қосымша айыппұл салынатын болады. Оның көлемі әр кешіктірілген күн үшін компанияның күн сайынғы орташа кірісінің 5 пайызын құрайтын болады.
Дереккөз: 24.kz