АҚШ-тың Айова штатында қатты дауыл соғып, бірнеше тұрғын жарақат алды. Дүлей желден Маршалтаун қалашығында бірнеше ғимарат қирап, тұрғындар эвакуацияланды.
Табиғат апаты кезінде шаһардағы бір аурухана мен қалалық сот ғимараты бүлініп, ондағы адамдар қауіпсіз жерге көшірілген. Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге қаза тапқандар туралы ақпарат жоқ. Дауыл жүріп өткен аудандарда тұрғындарға көмек орталықтары ашылған.
Дереккөз: 24.kz