Атырау, 25 желтоқсан 11:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Каспийде кеме тесілді

3 291 просмотра

Сенімді ақпарат көзіміз 27 маусымда  Солтүстік Каспийде ҰҚК шекара қызметі жағалау күзеті басқармасының «Найза» кемесі тесілгенін хабарлаған еді. 

Бұл ақпаратты Батыс аймақтық әскери прокуроры Талғат БЕКБЕРГЕНОВ растады.

-Менің білуімше, кеме белгісіз бір затқа соғылып, зақымданған. Экипаж қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл аймақ бізге қарамайтын болғандықтан, менің басқа айтарым жоқ, - деп мәлімдеді Т.Бекбергенов.

Шекара кемесінің тағдыры әзірге белгісіз. Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша «Каспий» аймақаралық көлік бақылау инспекциясы директорының орынбасары Найзабек ШЕКЕРОВТЫҢ айтуынша, бұл мекеменің Ақтау қаласындағы филиалы оқиға туралы ақпаратты ала алмаған:

- Шекарашылар құпиялылыққа және өздерінің ҰҚК қарайтындығына сілтеме жасап, ақпарат беруден бас тартқан, - деді ол.  Кейіннен ҚР ҰҚК шекара қызметі бөлімшесінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметкері Лариса ДМИТРЮКПЕН сөйлесу мүмкіндігі туған еді:

– Шекара қызметі кезінде Каспий теңізі акваториясы бойынша қозғалыс барысында кеме әлденеге соғылып қалған. Экипаж аман-есен. Техник-мамандар ақауды жою жұмыстарын жүргізуде.

– Сонда кеме қайырлап қалды ма? Кемеде қанша адам болды?

– Экипаж құрамының саны құпия болып саналатындықтан, басқа ештеңе айта алмаймын.

FC19 сериялы жүрдек «Найза» кемесі өткен жылдан бастап ҰҚК-нің тапсырысы бойынша Оралдағы «Зенит» зауытынан шығарыла бастады. Үздік техникамен жабдықталған кеменің мүмкіндіктері мол. Кеме өте алыс қашықтықтан ғана емес, тасқараңғыда да анық көрінетін заманауи навигациялық құралдармен жарақтандырылған, жылдамдығы сағатына 98 шақырымға жетеді. Онымен браконьерлік байдаларды қуып жету оңай. Қазір жағалау күзетінде осы сериялы екі кеме қызмет атқаруда.

Сәния ТОЙКЕН

4 шілде 2012, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.