Атырау, 23 сәуір 11:29
 бұлттыВ Атырау +26
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

«Ана өлімі неге орын алды?», «”Бакс” нығайып, теңге тәлтіректеді», «Жақиянов Машкевичті қалай “тәрбиеледі”?», «"KazakhExport" кәсіпкерлерге тиімді сақтандыру займдарын ұсынды», «Қарағұсова және қазақ тілі».

2 006 просмотра

TURKYSTAN.KZ. «Ана өлімі неге орын алды?» - Соңғы жылы елімізде аналар өлімі дерегі көбейген. Мұндай деректі алға тартқан Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов оған білікті кадрлардың тапшылығын, жүктілердің тіркеуге тым кеш алынуын басты себеп санайды.

«”Бакс” нығайып, теңге тәлтіректеді» - Апта басында Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевты қабылдады. Кездесу барысында Ұлттық банктің бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындылары жөнінде есеп берілді.

 DALANEWS.KZ.  «"KazakhExport" кәсіпкерлерге тиімді сақтандыру займдарын ұсынды» - Алдағы уақытта Батыс Қазақстан және Ақтөбе облысының халқы Ресейден импортталатын көкөніс өнімдеріне деген мұқтаждықтан құтылатын болады. Бұл туралы Dalanews.kz хабарлайды. 

«Жақиянов Машкевичті қалай “тәрбиеледі”?» - Қазақстанда бәрі де шетелдік инвесторлардың қолында. Мұнай зауыттары, алюминий, ферро қорытпа, көмір өндірісі түгелімен солардың иелігінде. Біз инвестордың алдында иілеміз. Олардың мұң-мұқтажын тыңдаймыз. Солардан пайда болса, Қазақстан осы 25 жылда гүлденіп, түрленіп кетер еді ғой? Өйтпеді. Өзгерген жоқ. Өзгермейтін де шығар.

AIKYN.KZ. «Қарағұсова және қазақ тілі» - Тәуелсіздік алып, егемен ел болғанымызға 30 жылға жуық уақыт өтсе де, шеше алмай келе жатқан бір мәселеміз бар. Ол – тіл. Мемлекеттік жиындар мен іс-шаралардың ресми тілде өтетіне ет өлді. Шенділеріміз қазақша сөйлесе алақайлап қуанып, өз-өзімізді қоярға жер таппай қалатынымыз да содан болса керек. Бірақ ол шенділер бірде күлдіреді, бірде бүлдіреді…

«Арабиядағы 6 күн» - Кезекті еңбек демалысының күні белгіленген бойда жоспар жасай бастайсың. Биылғы демалыс жаздың алғашқы айына түсті. Әдетте ауылға тартып кететін мен осы жолы өзгеріс енгізем деп шештім. Ел көріп, жер көріп қайтқанды дұрыс санадым. Таңдау оңай болған жоқ. Бірнеше нұсқаларды қарастыра келе, Біріккен Араб Әмірліктеріне сапар шектік. Өйткені бағасы қолайлы, жүрекке жақын, туристер үшін тартымды ел. Әмірліктердегі әдемі өмір, қалыптасқан таптаурындардың рас-өтірігін, көргенім мен білгенімді басқаға да айта отырайын. Айтпақшы, Дубайда 2020 жылы өтетін EXPO көрмесіне қызу дайындық жүріп жатыр.

QAZAQUNI.KZ. «Енді салығын уақытылы төлемегендер жалақыдан қағылады» - 1 шілдеден бастап салығын уақытылы төлемегендер жалақыдан қағылады, шетелге шыға алмайды. Бұл шара қанша қарызы бар адамға қолданады?


19 шілде 2018, 09:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.