Осының нәтижесінде 600 миллион халықты қамтитын және әлемдік жалпы ішкі өнімнің 30 пайызын құрайтын ірі экономикалық одақ құрылмақ.
Келісімге одақ тарапынан Еурокеңестің басшысы Дональд Туск пен Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер, ал Жапония жағынан премьер-министр Синдзо Абэ қол қойды. Құжат келер жылы наурыз айында Ұлыбритания одақтан шыққан соң бекітілмек.
Келісімге сәйкес Токио Еуроодақтан экспортталатын тауарлардың 94 пайызына, ал одақ күн шығыс елінен импортталатын тауарлардың 99 пайызына кедендік салықты алып тастамақ. Сарапшылардың айтуынша, бұл екі жақтың экономикасына оң әсер етіп, компанияларға үлкен мүмкіндіктер ашады.
Дональд Туск, Еуропалық кеңес төрағасы:
-Бұл келісімді халықаралық саясаттағы шамшырақ десек болады. Біз бұл қадам арқылы халықаралық сауда қатынасында Еуроодақ пен Жапонияға сенім артуға болатынын көрсетіп отырмыз. Сондай-ақ қос тарап та бостандық, ашықтық және халықаралық заңдарға бағынған әлемдік тәртіпті қорғай беретінін жеткізгісі келеді.
Дереккөз: 24.kz