Түркияда төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Аталмыш режим жергілікті уақытпен түнгі сағат 01:00-де ресми аяқталды, деп хабарлайды «Анадолу» агенттігі.
Түркияда төтенше жағдай алғаш рет үш ай мерзімге 2016 жылдың 21 шілдесінде елде төңкеріс жасаудың алдын алу үшін жасалған еді. Түркияда ТЖ режимі жеті рет үш ай мерзімге созылған еді.
Түркия Республикасы Конституциясына сәйкес, ТЖ режимінің мерзімі аяқталғанға дейін ел үкіметі оны ұзарту қажеттігі туралы парламентке хабарлама жібермеген жағдайда, төтенше жағдай тоқтатылады.
Гюлен ағымындағы Түркия ҚК әскери қызметшілер тобы 2016 жылдың 15-нен 16 шілдеге қараған түні ел билігін қарумен жаулап алуға әрекет жасады. Хунталардың әрекетіне мемлекет басшылығы мен құқық қорғау әрекетінің, сондай-ақ қатардағы азаматтар арқасында тосқауыл қойылды. 250 адам қаза тапты.
Дереккөз: inform.kz