Атырау, 26 қараша 00:46
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Резарваттағы өрт әлі сөнген жоқ

Сурет
2 652 просмотра

16-17 шілдеде Атырауды түтінге ораған «Ақжайық» резерватындағы өрт найзағай түсуінен тұтануы мүмкін. Бұл туралы өткен брифингте «Ақжайық» мемлекеттік резерваты директорының орынбасары Әлімғали ДАУЫЛБАЕВ мәлімдеді.

- 17 шілдеде көкке «ҚазАвиаСпас» АҚ Атырау филиалының МИ-8 тікұшағы көтеріліп, өрт аумағына 25 тонна су шашылды. Өрттің толық ауданы шамамен 17 га құрайды. Қазір толық сөндіре алмай отырмыз. Өйткені өрттің шыққан жері - батпақ. Арнайы көліктер бара алмайды,- деді Дауылбаев.

Атырау облыстық экология Департаментінің басшысы Қабижан Қапанов:

- Қала түтінге оранған күні атмосферасындағы күкіртсутегінің мөлшері 1,5-2 есеге артып кеткені анықталды. Қамыстан күкіртсутегі шығуы мүмкін емес қой. Қазір тексеру жұмыстарын анықтап жатырмыз.

 «АЖ»-дың Дауылбаевқа қойған сұрақтары:

- «Ақжайық» резерватын кім қаржыландырады?

- Резерватқа қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді. Ал жылына қанша бөлінетінін, өкінішке орай, қазір айта алмаймын.

- Резерваттың балансында қандай арнайы техникалар бар?

- Өрт сөндіру қондырғысымен жабдықталған 2 УАЗ автокөлігі бар. Сондықтар үлкен өрт болса, ТЖД көмегіне сүйенеміз.

- Өрт салдарынан өлген аң-құстар туралы ақпарат бар ма?

- Қазір нақты айту қиын, алайда көп шығын жоқ деп ойлаймын, өйткені қазір құстардың балапан өргізетін кезі емес.

- Резерватқа қызметкерлерден басқа кімдер кіре алады?

- Белгілі ақысын төлеп, туристер кіре алады. Сонымен қатар жергілікті флора мен фаунаны зерттейтін ғалымдарға да рұқсат бар.

Фархат ӘБІЛОВ 

Сурет Өңірлік коммуникациялар қызметінен

18 шілде 2018, 19:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.