Атырау, 30 қараша 04:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Ресейде "митинг өткізу құқығын асыра пайдаланғандарға" айыппұл салынады

1 480 просмотра


Ресейдің Мемлекеттің думасы "митинг өткізу құқығын асыра пайдаланғандарға" айыппұл салу туралы заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады. Мұндай ақпаратты парламенттің төменгі палатасы ресми сайтында хабарлады.

Депутаттар "құқықты асыра пайдалану" деп көпшілік жиынды өткізу туралы арызда "(шараның) мақсатын көрсетпеуді" атайды. Енді бұл заңды бұзған азаматтарға – 5-25 мың рубль, ұйымдарға – 100 мың рубльге дейін айыппұл салынады. Жазаға митинг өткізу туралы өтініш беріп, бірақ кейін өткізбей, мұнысын жергілікті билікке тиісті уақытта ескертпегендер де тартылуы мүмкін.

Заңды түсіндіру қағазында "(жиын) заң аясында өтуі үшін бақылауына бюджеттен ақша бөлінетін, бірақ өтпей қалатын жалған шаралар соңғы уақытта көбейгені" жазылған. Әлгі құжатта "мұндай жағдайлар көбіне арандату сипатына ие" деп жазылған.

Ары қарай құжатта "2017 жылы желтоқсанда Санкт-Петербургте бір азамат бір ғана датаны көрсетіп, арасы бір минут қана болатын 660 өтініш түсірген" деп жазылған.

Оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың Петербургтегі штабының координаторы Денис Михайлов "Медиазона" басылымына "(құжатта) саясаткермен кездесу үшін тапсырған менің өтініштерім айтылған болуы керек" деді.

Михайлов қала әкімшілігіне 2017 жылы 26 қарашада қаланың 25 алаңында жиын өткізу үшін арасында минут қана айырмашылығы бар тұтастай алғанда 1400 өтініш жазғанын айтады. Оның сөзінше, өтініштердің ешбірі қандай да бір себептермен қанағаттандырылмаған.

Дереккөз: azattyq.org

18 шілде 2018, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.