АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей әскері мықты болса да оның экономикасын өзгелермен салыстырғанда аз екенін айтып, өзіне «қарсылас» көрмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ria.ru-ға сілтеме жасап.
Fox News арнасына берген сұхбатында Трамптан «Ресейді АҚШ-тың басты қарсыласы санауға бола ма?» - деп сұрады.
«Олардың әскері мықты, бірақ экономикасы Қытаймен салыстырғанда төмен. Мен тіпті «қарсылас» (adversary) деген сөзді қолданғым келмейді. Біз бірге жұмыс істей аламыз. Әркім бейбітшілік пен тәртіпте өмір сүре алады және бұл біздің қолымыздан келеді», - деп жауап берді Трамп.
Бұған дейін Трамп ресейлік лидер Владимир Путинді жауы емес, бәсекелесі ретінде көретінін айтқан болатын. Ал Путиннің сыртқы саясат жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаков Мәскеудің Трампқа келіссөздер жүргізу бойынша серіктесі ретінде қарайтынын айтты.
Ресей экономикасы Америкадан 13 есе, ал Қытайдан 8 есе төмен.
Дереккөз: Baq.kz