Атырау, 26 қараша 00:28
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырауда жаңа жолаушы тасымалдаушы болады

3 372 просмотра


Жыл аяғына дейін мұнайлы астанада 106,9 шақырым тас жол салу жоспарланса, тағы 207 шақырым жолдың жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп жатыр.  Бұл туралы қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдар бөлімінің басшысы Эдуард Оспанов өткен брифингте хабарлады.

 «АЖ» сұрақтары:

- Жыл басында облыстық әкімдікте айтылған дренеаж жүйесінің құрылысы қалай жүріп жатыр?

- Өткен жылы жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталды. Жақында Сатпаев даңғылында және Авангардтың 2 және 3 ықшамауданында, Құлманов көшесінде дренаж құрылыстары аяқталды. Жұмыстар басқа учаскелерде де жүргізіледі.

- Ауыстырылғаннан кейін көше төсемтастары (брусчатка) қайда апарылады?

- Оларды «АрнайыАвтоБаза» КМК-нің базасына апарып қоямыз. Айта кету керек, биыл Махамбет, Азаттық, Құлманов, Абай, Сәтбаев көшелері бойында 12 мың шаршы метрді құрайтын төсемтастар ауыстырылады.

- Атырауда қоғамдық көлік мәселесін шешудің жаңа жолдары қарала ма?

- Бүгінде Атырау қаласында және маңында  27 жолаушылар бағыты бойынша 6 заңды тұлға қызмет көрсетеді. Мәселе расында да өте өзекті. Сол себептен қазір «Атырау» ӘКК арқылы жаңа компания - «Автопарк-Атырау» ЖШС құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Келесі жылдың басында оған қалаішілік және қала сыртына жүретін маршруттардың көп бөлігін беру жспарланып жатыр.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

18 шілде 2018, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.