17 шілдеден бастап жауған жаңбыр толастамай, Баян-Өлгейде күніне 2-3 рет нөсер жаңбыр жауып жатыр. Соның салдарынан пайда болған селдің зардаптарын жоюға 550-ден астам адам, 24 техника жұмылдырылған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар, Моңғолияның батысындағы Увс, Ховда, Говь-Алтай, Захван қатарлы аймақтардан төтенше жағдайлар қызметкерлері көмекке келді. 450 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 160 адам уақытша баспанамен қамтылды. Одан бөлек 43 отбасыға селдің алдын алу шаралары жасалды.
Сел түсу салдарынан Баян-Өлгейдегі радио-телерадио мұнарасына қауіп төнуіне байланысты 0,1 шақырым жерге арнайы арық қазылып, 3 000 литр су сорғызылғанына қараматсан, әлі де қауіп сейілмей отыр. Бұл жолғы селдің шығыны 2016 жылғы сел зардаптаптары шығынынан 5 есе көп деген болжам бар.
Еске сала кетсек, 2016 жылы 2016 жылы 10-11 шілде күндері қатты жауған бұршақ салдарынан Моңғолияда тұратын қандастарымыз орналасқан Баян-Өлгей қаласында сел түсіп, 700 адам баспанасыз қалған болатын. Және 300 үй жарамсыз деп танылған еді. Осы оқиғаға байланысты қазақстандық белсенді жастар арнайы қор құрып, ата жұрттан алыстағы қандастарымызға көмектескен болатын. Мұның сыртында Қазақстан тарапы да атажұрттан жырақтағы бауырларымызға көмек қолын созып, 200 мың доллар көлемінде қаржылай көмек көрсеткен болатын.
Дереккөз: Baq.kz