Атырау, 2 мамыр 07:26
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Алматыда хирургтер науқастың еш жерін тілмей қалқанша безін алып тастады

1 647 просмотра


Шетелдік дәрігерлер 65 жастағы науқастың қалқанша безін ешбір тілік жасамай алып тастады. 16 шілде күні Қазақстан хирургиясында алғаш рет Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында әйел адамның қалқанша безі еш тілік жасамай алынып тасталды.

"Қазақстанда алғаш рет ауыз қуысы арқылы, ешбір тілік салмай, 65 жастағы науқастың қалқанша безін алып тастау операциясы жасалды", — деп хабарлады институт баспасөз қызметі.

Әйелдің қалқанша безі жеті жыл бұрын ауыра бастаған. Сол кезде дәрігерлерге алғаш рет қаралыпты. Тексеру барысында Римманың күдігі расталып шықты: УЗИ көрсеткендей, қалқанша безінде түйіндер пайда болған.

Операцияның жаңа әдіспен жасалатынын науқас стационарға жатар алдында білген. Операцияны Алматыға мастер-класс өткізуге шақырылған шетелдік мамандар – неміс профессоры Мартин Штрик пен медициналық ғылымдар кандидаты, ресейлік Антон Пришвин жасады.

Бұл операцияның ерекшелігі сол, біріншіден, науқастың денесінде ешбір тыртық қалмайды. Екіншіден, операциядан соң тез оңалып, ауруханада ұзақ жатпайды.

Енді барлық керекті құрылғысы мен білімі бар қазақстандық хирургтер осындай операцияны өздері де жасай алады, деп хабарлайды Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының баспасөз қызметі.

Дереккөз: sputniknews.kz

18 шілде 2018, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.