Атырау, 30 қараша 04:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​​Теңізде құтқарылған босқындарды Еуроодақ елдері бөліп қабылдайды

1 261 просмотра


Теңізде құтқарылған 450 босқынды Еуропаның бірнеше мемлекеті қабылдауға дайын. Осылайша алғаш рет Еуроодақ елдері мигранттарды орналастыру мәселесін оларды портқа жеткізбей тұрып шешті. 

Франция, Мальта, Испания, Португалия және Германия билігі 50 адамнан қабылдайтынын айтты. Тағы 20 босқын Ирландияға аттанады. Айта кетейік, осыған дейін мигранттар негізінен Италияда тұрақтап қалатын. Олардың басым көпшілігі жұқпалы аурумен ауыратын көрінеді. Сондықтан құтқарылғандарды қабылдауға ниет білдірген мемлекеттерге олар ем алып болған соң ғана жіберіледі.    

Марко Ротунно, БҰҰ Босқындар істері жөніндегі жоғары комиссар басқармасының өкілі:

- Саясаткерлер өзара келіссөздер жүргізіп жатқанда, бұл адамдардың кемеде қамалып, күтіп отырулары мүмкін емес. Алдымен тез арада порттан қауіпсіз жерге шығарып алу қажет. Содан соң оларды әр елге тарату жайын шешуге болады.

Дереккөз: 24.kz

18 шілде 2018, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.