TENGRINEWS.KZ. «ХХІ ғасыр. Ағарту ісі қалай басталды?» - Міне, тағы да бір оқу жылы аяқталып, орта білім беретін мектеп қабырғасынан шыққан жас түлектер Ұлттық бірыңғай тест тапсырып, өмір жолындағы жаңа кезең табалдырығын аттау алдында тұр. Бұл қадам болашаққа бастайтын маңызды қадамдардың алғашқысы десек, артық айтпаған болар едік. Олардың көпшілігі болашақта белгілі бір мамандық иесі болуды армандауы хақ.
AZATTYQ.ORG. «Грузиядағы президент сайлауына кімдер түседі?» - Грузиядағы он партиясы қазанда өтетін президенттік сайлауға бірге қатысу туралы шешім қабылдады. Олар өз ортасынан бір кандидат ұсынбақ. Парламенттік оппозиция да өз үміткерін анықтап жатыр.
TURKYSTAN.KZ. «Франция командасы қанша сыйақыға ие болды?» - Францияның футболдан ұлттық құрамасы 2018 жылғы Әлем чемпионатындағы жеңісі үшін 38 миллион доллар сыйақы алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ФИФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап.
QAZAQUNI.KZ. «Ауылдың рухани жаңғыруы: шағын жылыжайлар» - Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді» деген болатын. Біздің әрбіріміздің алдымызға Президент үлкен жобалар қойып, бағыттар мен тапсырмалар берді. Қазақстанның жедел дамып-өркендеу жолында әрбіріміз сырт қалмағанымыз жөн.
DALANEWS.KZ. «Қажыгелдин: “Мұндай Үкіметпен ғұмыр бойы дағдарыста өмір сүресіз”» - Қазақстанның экс-премьер министрі, қазір алыста тұратын Әкежан Қажыгелдин осындай пікір білдіріпті. Неге? Қажыгелдин неге олай ойлайды? Оның себебін төмендегі мақаланы оқығанда білетін боласыз.
«Сағынтаев Мәсімовтің “ерлігін” қайталай ала ма?» - Сырттағы қазақ қандайда бір қиындыққа тап болса, елдегі қазақтың мазасы кететіні белгілі. Күні кеше ғана Моңғолиядағы қазақтар қоныстанған Баян-Өлгей аймағында нөсер жауын жауып, 275 отбасының су астында қалғанын ақпарат құралдарынан естіп, білдік.
«Көшім: “Орыстілділердің таңдау жасайтын уақыты жетті”» - Қазақстаннан ауа көшіп жатқан орыстарға «ақ жол!» тілепті Дос Көшім. Қазақстаннан қазақтар да кетіп жатса, бұл билікке берілген дейді ол.