Атырау, 30 қараша 04:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Иран Халықаралық сотқа АҚШ-тың үстінен шағым түсірді

2 036 просмотра


Иран БҰҰ-ның Халықаралық сотына Теһранға (Тегеран) қарсы санкцияларды қатаңдатқанына байланысты Біріккен Штаттардың үстінен шағым түсірді. Бұл туралы DW агенттігі Иранның Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Иран СІМ басшысы Мұхаммед Джавад Зарифтің сөзінше, Халықаралық сотқа шағым түсірудеі басты мақсат — АҚШ-ты «біржақты санкцияларды заңсыз түрде қайтадан енгізгені үшін» жауапкершілікке тарту. «Иран АҚШ-тың дипломатиялық қатынастары мен құқықтық міндеттеріне қарамастан заңға құрмет көрсетеді», - деген Д.Зариф. 

2015 жылғы Иранның ядролық  бағдарламасы туралы тарихи келісімшарт Иран санкцияларының бір бөлігін алып тастауды қарастырады. Еске салайық, 8 мамыр күні АҚШ президенті Дональд Трамп АҚ үйдің аталған келісімшарттан шығатыны туралы мәлімдеп, Иранға қарсы санкцияларды қайта жаңғыртқан болатын. Сонымен қатар, ол егер өзге елдер Иранға болысатын болса, оларға да қарсы санкция енгізетінін мәлімдеді.

Дереккөз: “The Qazaq Times

18 шілде 2018, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.